Президент Үндістанның IT компанияларын Қазақстанға шақырды

Сурет: pixabay
Қазақстан Үндістанның IT және инженерлік кадрларды оқытудағы бай тәжірибесіне қызығушылық танытады, деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия-Үндістан" саммитінде, деп хабарлайды Zakon.kz
Экономиканы цифрландыру бүкіләлемдік тренд болып қала береді. Қазақстанда электронды үкімет тиімді жұмыс істеп жатыр. Экономиканың барлық жүйесін құрайтын секторды цифрландыру, смарт-қалаларды, медицина мен білім беруді дамыту жөніндегі жобалар іске асырылып жатыр. Цифрлық шешімдер банк-қаржы жүйесінде табысты қолданылып жатыр. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Президенттің айтуынша, бүгінде жасанды интеллект, Big DATA, интернет-заттар, онлайн-коммерция және киберқауіпсіздік сияқты салаларды дамыту сұранысқа ие болып отыр.

Сондай-ақ Тоқаев атап өткендей, Қазақстанда телекоммуникация саласында зертханалар құру, сондай-ақ, электронды техниканы құрастыру өндірісі бойынша жобалар қызығушылық тудырады.

Осы бағыттар бойынша өзара тиімді ынтымақтастыққа дайынбыз. Үнді компанияларын қазақстандық нарыққа шақырамыз. Мен Қазақстан халқына Жолдауымда 2025 жылға қарай кемінде 100 мың жоғары білікті IT-маман даярлау міндетін қойдым. Осыған байланысты бізге Үндістан тәжірибесі де, Үндістанның IT және инженерлік кадрларды оқытудағы бай тәжірибесі де қызықты. Практикалық қадам ретінде "Астана хаб" халықаралық IT-стартаптар технопаркі базасында Bagmane технологиялық паркімен және басқа да үнді IT-алыптарымен бірге Орталық Азия үшін инженерлік кеңсе мен ақпараттық технологиялар мектебін ашуды ұсынамыз. Мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды