Қасым-Жомарт Тоқаев уәкілетті органдардың алдына бірқатар міндет қойды. Атап айтқанда Президенттің сөзінше, жүйелі жұмыс кәсіпкерлер мен жұртшылықтың сыбайлас жемқорлық бойынша берген өтініштері негізінде жүргізілуі қажет. Сонымен бірге мемлекет басшысы басшылардың жұмысын жемқорлықпен күрес көрсеткіші арқылы да бағалайтынын жеткізді.
Кеден, құрылыс, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы жемқорлықпен күресуге баса мән беру керек. Жауапты министрліктер осы бағыттар бойынша жемқорлықты жою жөнінде жоспар әзірлесін. Жоспарды бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша мұқият пысықтап, ұсынуды тапсырамын. Барлық іс-шараны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен келісу қажет. Құзырлы органдардағы бірінші басшылардың жұмысын жемқорлықпен күрес көрсеткішімен бағалаймын.Қасым-Жомарт Тоқаев
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет белгілейтін бағаны реттеу кезіндегі жемқорлықты түбегейлі жою мәселесіне ерекше көңіл бөліп отыр. Оның айтуынша, тиісті уәкілетті органдар бағаны белгілеген кезде оның қаншалықты негізді екенін мұқият қарауы керек. Себебі бұл халық тұтынатын тауарлардың бағасына бірден әсер етеді.
Отандық өндірушілер теміржол саласын жемқорлық жайлағанын айтып, шағымданады. Кәсіпкерлер нақты бір нысанға апаратын теміржолды пайдаланғаны үшін төлейтін ақының көлеміне наразылық білдіріп жатыр. Бір уақытта бірнеше өңірден – Қостанай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Ақмола және Павлодар облыстарынан арыз түсіп отыр. Монополист компаниялар бағаны өз бетімен еселеп өсірген. "Мұның астарында экономикалық себептен бөлек, біреудің жымысқы әрекеті жатқан жоқ па?" деген сауал туады.Мемлекет басшысы
Тақырып бойынша оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев: Ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек