Тоқаев өз алаңдаушылығын танытқан иран халқына ризашылық білдірді

Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президенті Ибрахим Раисимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz

Иран тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады, делінген Ақорда хабарламасында.

Президенттер екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бері 30 жыл ішінде ынтымақтастықтың әртүрлі саласы бойынша айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілгенін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан мен Иранның көшбасшылары сауда-экономикалық және ықпалдастықтың басқа да бағыттарындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға күш салу қажет деп санайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев «қасіретті қаңтар» оқиғаларына қатысты алаңдаушылық танытып, ниеттестік танытқаны үшін Ибрахим Раиси мен иран халқына ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысы еліміздегі жағдайдың тұрақталғанын атап өтіп, әлеуметтік-экономикалық қайта құрудың жаңа стратегиясын жүзеге асыру шаралары қабылданғанына тоқталды. Президенттің айтуынша, Қазақстан халқы болашаққа нық сеніммен қарайды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз