Президент Өзбекстанның Олий Мәжілісі Заң шығару палатасы төрағасын қабылдады

Сурет: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасының Олий Мәжілісі Заң шығару палатасы төрағасы Нурдинжон Исмоиловпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz

Мемлекет басшысы кездесуде Қазақстан мен Өзбекстан достық пен татулыққа, ортақ мәдени құндылықтарға негізделген мемлекетаралық ынтымақтастықтың үлгісі болатын берік әрі үйлесімді қатынас орнатқанын айтты.

Президент өткен жылдың желтоқсан айында Шавкат Мирзиёевтің елімізге жасаған мемлекеттік сапарын жоғары бағалады. Сол сапар қазақ-өзбек ынтымақтастығын одақтастық деңгейіне көтеруге негіз болған еді.

Өзбекстан – Қазақстан үшін бауырлас, серіктес ел. Сондықтан екі ел арасындағы өзара қарым-қатынасты дамытуға аса мән береміз. Біздің одақтас қатынастарымыз кең ауқымды және саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды қамтиды. Осы ретте парламент дипломатиясы ерекше рөл атқарады.Мемлекет басшысы

Нурдинжон Исмоилов Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге уақыт бөлгені үшін алғыс білдіріп, Өзбекстан Президентінің ізгі тілегі мен сәлемін жеткізді.

Қазақстан
Өзбекстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды