Бүгінде Әртараптандырылған қайта құру және даму институты сарапшыларының қорытындысы алынды. Ол бойынша резиденцияның «пайдалануға жарамдылығы шектеулі» екені анықталды. Өрт пен өте жоғары температура салдарынан барлық жүк көтергіш құрылымдар мен шатырлардың негізі болып табылатын металл элементтері зақымдалған. Ғимараттың аман қалған бөліктерінде өрт иісін толығымен жою мүмкін емес.ҚР Президенті Іс Басқармасының Баспасөз қызметі
Ведомство «Бүгінге дейін нысанның кейбір құрылымдық элементтері қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сай келмейді» деді.
Ғимараттың негізгі құрылымын қалпына келтіру және оның сейсмикалық нығайтылуы үшін үлкен күрделі салымдар қажет болады.ҚР ПІБ баспасөз қызметі
Сарапшылардың пікірінше, ғимаратты жөндеу және оны қайта пайдалануға беру де қауіпсіз емес.
Республикалық маңызы бар тарихи ескерткішті бұзу осындай мәртебедегі объектілерге қатысты ҚР заңнамасында көзделген барлық рәсімді сақтай отырып жүзеге асырылады.ҚР ПІБ баспасөз қызметі
16 ақпанда Президенті әкімшілігі Алматыдағы президент резиденциясын 2022 жылдың соңына дейін қалпына келтіру жоспарланып отырғанын хабарлады.
2 наурызда мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен оның Алматыдағы ресми резиденциясы бұзылып, оның орнына қала тұрғындарына арналған алаң салынатынын айтты.