Венгрияда тұңғыш рет әйел президент сайланды

Cурет: instagram/katalin.novak
Каталин Новак Венгрияның жаңа президенті болып сайланды. Оған 199 депутаттың 137-сі дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған дейін ол отбасы істері министрі болды. Оны премьер-министр Виктор Орбан басқаратын FIDES - Венгрияның азаматтық одағы партиясы ұсынған.

Каталин Новакқа Венгрия Ұлттық жиналысының 199 депутатының 137-сі дауыс берді.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, 44 жастағы Каталин Новактың сайлаудағы қарсыласы оппозициялық коалициядан шыққан 80 жастағы үміткер, экономист Питер Рона болды.

Айта кетейік, Республика Президентін Ұлттық Жиналыс бес жыл мерзімге сайлайды. Янош Адер бұл қызметті 2012 жылдан бері екі рет атқарған. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Адердің өкілеттігі 10 мамырда аяқталады.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін