Мемлекет басшысы бүгін Алматыдағы мерекелік шараға қатысады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. Мемлекет басшысы Алматы қаласының «Астана» алаңында өтетін мерекелік іс-шараға қатыспақ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Алматы қаласының “Астана” алаңында өтетін мерекелік іс-шараға қатысып, барша Қазақстан халқын Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтайды.Берік Уәли

Наурыз мейрамына арналған іс-шара республикалық телеарналардан сағат 10:45-те тікелей эфирде көрсетіледі.

Сонымен қатар Президент Алматыдағы ғылым, білім, спорт және сауда нысандарына барады.

Айта кетейік, 2001 жылдан бастап Қазақстанда Наурыз мейрамы мемлекеттік мереке болып жарияланды. 2009 жылдан бері мереке үш күн қатарынан – 21, 22 және 23 наурыз күндері тойланады.

Алматылықтар Наурызды тойлауды бастап кетті. Дәл қазір мегаполистегі «Астана» алаңында мерекелік іс-шаралар ақырындап басталып жатыр. Халық жиналып, ұлттық бұйымдардан бастап, әртүрлі нәрселер сатылып жатыр. Ұлттық аспапта ойнайтын музыканттарды да кездестіруге болады.

Алматы
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді