Оңтүстік Корея президенті әкімшілігін Қорғаныс министрлігінің ғимаратына көшірмек

Оңтүстік Кореяның жаңадан сайланған президенті Юн Сок Ёл өзінің кеңсесін мемлекет басшысы ондаған жылдар бойы тұрған Көк үйден Қорғаныс министрлігі аумағындағы ғимаратқа көшіретінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Юн Сок Ёлдың cөзінше, Көк үй – «императорлық биліктің символы». Одан әкімшілікті ауыстыру оның сайлауалды уәделерінің тізімінде болды. Yonhap агенттігінің хабарлауынша, бұл қадамға 49,6 миллиард вон (40,9 миллион доллар) қажет болуы мүмкін.

Кейбіреулер біз көшумен біраз асығып жатырмыз деп қорқатынын білемін. Менің мерзімімнің басталуына 50 күн қалды. Дегенмен меніңше абсолютизмнің символы Көк үйді бұзу, оған кірмей жүру әлдеқайда жеңіл болады деп ойлаймын, - деп келтіреді агенттік Юн мырзаның сөзін.

Yonhap агенттігінің хабарлауынша, қазіргі ғимарат президент кеңсесін көмекшілер кеңселерінен алыс орналастырып, президенттің «халықпен байланысын жоғалтқаны» үшін сыналған. Сайланған президент бұған дейін әкімшілік Гуанхвамун үкімет кешеніне көшетініне уәде берген еді. Бірақ ол Қорғаныс министрлігі ғимараттары сияқты қауіпсіз болмай шықты. Ал Көк үй ұлықтау рәсімінен кейін келушілер үшін ашық болуы керек.

Юн Сок Ёл негізгі оппозициялық «Халық күші» партиясының кандидаты болды. Сайлауда ол 48,59% дауыс жинап, «Тобуро» демократиялық партиясынан шыққан бәсекелесі Ли Чжэ Мённан алға шықты.

Қызықты
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: