Мемлекет басшысы Үстел теннисі орталығына барды

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Халықаралық үстел теннисі федерациясының барлық талабына сай келетін жаңа Үстел теннисі орталығын аралап көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президентке Алматыдағы спорт кешенінің инфрақұрылымы таныстырылды.

Заманауи орталықта жарыс өткізетін 12 және жаттығу жасайтын 24 үстел бар. Зал үстел теннисіне қажетті алты автоматты тренажермен, кәсіби бейне және аудио құрылғылармен, көрермендерге арналған 328 орындықты трибунамен жабдықталған.

Сапар соңында Қасым-Жомарт Тоқаев жас спортшыларға сәттілік тілеп, теннис ракеткасына қолтаңба жазып берді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы жас спортшы қызбен теннис ойнады.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы