Президентке төменгі палатаның атқарып жатқан жұмыстары туралы мәлімет берілді

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының негізгі бағыттарын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жөніндегі төменгі Палатаның атқарып жатқан жұмыстары туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президентке берілген ақпаратқа сәйкес екінші сессия басталғалы бері Мәжіліс депутаттарының қарауына 96 заң жобасы түскен және оның 53-і мақұлданып, Сенатқа жолданған.

Сонымен қатар Мәжіліс төрағасы Парламенттің төменгі палатасы жұмысының жаңа форматтары туралы айтты. Депутаттар енді өз жұмыстарында ашықтықты арттыруға, парламенттік мәдениетті нығайтуға және халықпен арадағы ықпалдастықты күшейтуге баса мән береді. Қоғамдағы өте маңызды мәселелер бойынша парламенттік тыңдалымдар мен басқа да іс-шаралар жиі өткізіледі.

Парламенттің төменгі палатасында азаматтардың өтініштері мен талап-тілектеріне, соның ішінде депутаттардың өңірлерге сапары барысында көтерілген мәселелерге қатысты жұмыстың жаңа тетіктері енгізіледі. Мәжілісмендер жергілікті жерлерде сайлаушылармен тұрақты кездесулер өткізеді.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті