Тоқаев Александр Вучичті Сербия Президенті болып қайта сайлануымен құттықтады

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Сербия Республикасының Президенті болып қайта сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сайлаудағы айқын жеңісіңіз – отандастарыңыздың Сізге және Сербияның дамуын баянды етуге, азаматтарының әл-ауқатын еселеуге және халықаралық сахнадағы беделін арттыруға бағытталған саралы саясатыңызға көрсеткен кең қолдауының айғағы екені сөзсіз. Осы ретте, Сіздің басшылығыңызбен еліңіз одан әрі өркендеп, мерейі әрқашан үстем болуына тілектеспін, – делінген Ақорда жариялаған жеделхатта.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген мазмұнды саяси диалог пен сауда-экономикалық байланыстардың аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын зор ризашылықпен атап өтті. Сондай-ақ әлеуеті зор ынтымақтастықты одан әрі өркендету үшін Сербия Президентімен бірлесе күш жұмылдыруға дайын екенін растады.

Мемлекет басшысы сербиялық әріптесіне сарқылмас күш-қуат, аса жауапты қызметі мен қолға алған тың бастамаларына толағай табыс, ал достас серб халқына мол бақыт, құт-береке тіледі.

 

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы