Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Сурет: Zakon.kz
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ұлан Сарқұлов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Ұлан Серікұлы Сарқұлов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, – делінген Ақорда таратқан ресми хабарламада.

Бұған дейін бұл қызметті Мақсат Қожабаев атқарып келген еді.

Сарқұлов Ұлан Серікұлы 1980 жылы 27 шілдеде Ақтөбе облысында дүниеге келді.

Білімі:

РФ ФҚҚ Академиясын, РФ Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет Академиясын тәмамдады.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 2002 жылы Ақтөбе облысы бойынша ҰҚК департаментінде бастады.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады