Тоқаев БҚО-дағы жолдар жайлы: Жөндеу жұмысын уақтылы орындамағандар жазалануы тиіс

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысындағы жолдарды жөндеуге қатысты тиісті жұмыстарды белгіленген мерзімде орындалмауына кінәлілер жазалану қажеттігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың telegram арнасы хабарлағандай, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Күре жолдағы күрсініс» атты мақалаға назар аударды.

Басылым Президент БҚО-ның көлік-логистикалық әлеуетін жаңғырту маңызды міндеттің бірі екенін және автожолдардың 70 пайызының сапасы сын көтермейтінін 2019 жылы айтқанын еске салады. Президент сол кезде Үкіметке әкімдікпен бірлесіп, Қазталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарындағы жолдарды жөндеу жұмыстарын 2021 жылдың соңына дейін аяқтауға тапсырма берді және бұл мәселе өзінің жеке бақылауында болатынын ерекше атап өтті.

Алайда «Egemen Qazaqstan» газетіндегі мәліметтер бойынша, осы аудандарды облыс орталығымен байланыстыратын жолдарға әлі күнге дейін асфальт төселмеген. Құрылыс жұмыстары бекітілген кестеден айтарлықтай қалып келеді және қаржы мәселесінде де түйткілдер бар. Жергілікті тұрғындар жолдың жоқтығынан зардап шегіп отыр, әсіресе көктем мен күзде жағдай мүлде ушыға түседі.

Мемлекет басшысы Үкімет пен облыс әкімдігіне барлық қажетті шараны тез арада қабылдауды тапсырды. Тиісті жұмыстардың белгіленген мерзімде орындалмауына кінәлілер жазалануға қажеттігі де айтылды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Мемлекеттік мекемелердегі кадрлық үдерістер цифрлық форматқа көшіріледі