Көкшетауда бір бұзақы оқу орнындағы әйнекті теуіп сындырды

Сурет: Zakon.kz
Оқыс оқиға 9 мамырда дарынды балаларға арналған оқу орындарының бірінде орын алды. Белгісіз біреу сағат 7: 40-та ғимараттың сыртқы қоршауындағы әйнекті сындырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қаскүнемді полицейлер тауып алды, оны оқу орнының күзетшісі таныды. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған облыс орталығының 29 жастағы тұрғыны болып шықты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі, яғни "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды