Президент инвестициялық ахуал туралы: Қазіргі дағдарыстан шығынсыз шығу керек

Сурет: pexels.kz
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде санкция, инвестициялық ахуалға да тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бақылаудың барын өтірік таныту тауарлардың тапшылығы мен сапаның құлдырауына әкеліп соғуы мүмкін. Тепе-теңдік керек. Бәсекеге қабілетті тауар нарықтарын шамадан тыс баға жағынан реттеу елді жеке инвестициялардан айырады. Салдарынан мемлекет осындай салаларға инвестиция салуға мәжбүр, сөйтіп бизнестегі ісі бұлыңғыр, икемсіз операторлардың санын арттырады. Өте мұқият болу керек және нарықтық экономиканың негізгі принциптерінен ауытқымау қажет. Бұл тауар нарықтарына да, табиғи монополиялар қызметтерінің тарифтеріне де қатысты.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент инвестициялық ахуал туралы айта отырып, осындай күрделі жағдайлардың өзінде де Еуроодақтан, АҚШ-тан, Қытайдан, тек қаржылық қана емес, технологиялық құзыреттері бар басқа да елдерден де тартылатын инвестициялар көлемін сақтау және оны ұлғайта түсу үшін бар күш-жігерді жұмсайтынын атап өтті.

Сурет: akorda.kz

Бауырлас Түркия мен Орталық Азия елдері маңызды сауда-инвестициялық серіктестерге айналып келеді. Жолға қойылған байланыстар мен тізбектерді сақтай отырып, қазіргі дағдарыстан шығынсыз шығу керек. Бұл жұмысты жандандыру қажет, бірақ әрине санкциялар контекстін де ескерген жөн, - деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды