Тоқаев: ЕЭК іскерлік бағытта жұмыс істеуі керек

Сурет: akorda.kz
Бішкекте өтіп жатқан Еуразиялық экономикалық форумда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Қазақстан Еуразиялық экономикалық комиссияның нақты нәтижелерге назар аудара отырып, іскерлік сипатта жұмыс істеуін жақтайды. Өйткені біздің халықтар мәселелердің шешімін ұзақ күтпейді, бұл мәселелердің дәл қазір шешілгенін қалайды. Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұл ретте Қазақстан Президенті ЕЭК үкімет емес, ол 2015 жылғы наурызда қол қойылған жарғыға сәйкес тиісті өкілеттіктер берілген атқарушы орган екенін атап өтті.

Менің ойымша, интеграцияны дамыту процесінде, соның ішінде талқылаулар барысында туындайтын белгілі бір қиындықтарды драмаландырудың қажеті жоқ сияқты. Қайталап айтамын, бұл қалыпты процесс. Қазақстанға келетін болсақ, біз еуразиялық интеграцияны іскерлік негізде, прагматикалық негізде дамытудың жақтаушылары болдық, қолдаймыз және әрине, одаққа мүше барлық мемлекеттермен жұмыс істейтін боламыз. Қасым-Жомарт Тоқаев

Еске салсақ, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазір президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғызстанда ресми сапармен жүр.

Екі президенттің кездесуінің нәтижесінде 13 құжатқа қол қойылды.

Қырғызстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз