Тоқаев Жамбыл облысының бұрынғы әкімін қабылдады

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысына өңірлерде атқарылып жатқан жұмыстар туралы, Президенттің бастамалары мен саяси реформаларын халықтың кеңінен талқылап жатқаны туралы мәлімет берілді.

Бердібек Сапарбаев өзі қызмет атқарған Жамбыл облысында орындалып жатқан президент тапсырмаларының нәтижелерін кеңінен баяндады.

Атап айтқанда, азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға, қоғамның ынтымағы мен бірлігін нығайтуға бағытталған «Асар», «Туған жерге тағзым», «Жомарт түлек» және «Бейбітшілік пен келісім» атты жобалар жайлы айтылды. Сонымен қатар Жамбыл өңірінде жүзеге асырылған пилоттық жоба туралы мәлімет берілді. Бұл бастамалар әрбір отбасының өзін-өзі асырауына жағдай жасауға негізделген, – Ақорда таратқан делінген ресми хабарламада.

Бердібек Сапарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа қуаңшылық жағдайында ауыл шаруашылығын әлсіретіп алмай, одан әрі дамыту жөнінде, сондай-ақ жергілікті билік пен ата-аналардың бірлесе отырып, балаларды еңбекке баулу ісін қолға алу туралы ұсыныстарын айтты.

Кездесу барысында жастар арасындағы жұмыссыздықты шешу мәселесі де талқыланды.

Нұр-Сұлтан
Қазақстан
Сапарбаев Бердібек
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады