Президент қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқандардың тізімін жариялауға уәде берді

Сурет: Zakon.kz
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар айындағы оқиғалар кезінде қаза тапқандардың толық тізімін ұсынуға уәде берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаза тапқандардың тізіміне келетін болсақ, әрине, ол жарияланады, бүкіл қоғамға жария етіледі. Ол арада, өзім атап өткендей, террористік тарапты білдіретіндер көп. Өз іс-әрекеттерімен мемлекеттік жүйені бұзғысы келгендер, бірақ арасында мемлекетке қарсы ұйымдастырылған шабуылдарға қатысы жоқ адамдар да бар. Осыған байланысты біз, әрине, қайғырып, өкініш білдіреміз. Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы халыққа қарсы негізсіз іс-қимылдарға қатысқан барлық әскери қызметшілер жауапкершілікке тартылатынын айтты. Тергеу жүргізіліп жатыр, сараптамалар да зерттелуде, сондықтан бәрі ашылып, белгілі болады.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді, одан кейін журналистердің алдына шығып, қазақстандықтарды болашақта не күтіп тұрғаны және қаңтардағы оқиғаларға қатысты тергеу қалай жүріп жатқаны туралы сауалдарға жауап берген болатын.

Қазақстандағы референдум
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды