Жандос Өмірәлиев Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды

Сурет: gov.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Жандос Өмірәлиев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Жәнібекұлы Өмірәлиев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада.

Осылайша Мемлекет басшысының өкімімен Ерлік Әбдірақымұлы Кененбаев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымынан босатылды

Жандос Өмірәлиев 1978 жылы туған. Ол 2000 жылдан бері прокуратура саласында жұмыс істеп келеді.

2010-2011 жылдары Бас прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекші қызметінде - Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесі хатшысы болған.

2011-2017 жылдары Алматы қаласының прокурорының орынбасары қызметін атқарған.

2017-2018 жылдары Бас прокуратураның кадрлық дамыту департаментін басқарған.

2018 жылдың тамызынан бері Батыс Қазақстан облысының прокурор міндетін атқарушы болған.

2014 жылдан бері президенттік құқық қорғау органдарының басшылар резервіне енген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

Алматыда Меладзе концертіндегі жанжалға қатысқан әйелдер жазаланды

"Қазгидромет" Алматы мен тағы бір қала тұрғындарына ескерту жасады

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды