Қазақстан президенті жастарды техникалық білім алуға шақырды

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Россия-24» телеарнасына берген сұхбатында қазақстандықтар үшін техникалық білім алудың маңызды екенін тағы да тілге тиек етті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы білім саласына көңіл бөлетінін атап өтті.

Білімнің рөлі зор. Мен Ресейдің техникалық университеттеріне Қазақстанда филиалдарын ашу туралы бастама көтердім, бұл процесс басталды. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де МИФ-дің филиалы ашылды. Губкин атындағы мұнай және газ университетінің филиалы ашылады. Бұл үрдіс жалғасын табады деп ойлаймын, өйткені қазіргі қазақ жастары бәсекеге қабілетті болу үшін ең алдымен техникалық білім алуы керек деп есептеймін. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ ол Қазақстанда талантты жастарды «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелге оқуға жіберу мүмкіндігі әлі де бар екенін атап өтті.

10 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жоғары білікті инженерлік-техникалық кадрларға сұранысты ескере отырып, білім саласындағы ынтымақтастыққа басты назар аударылғанын атап өткен еді.

Ресей
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін