Қазақстанда жоғары білім беру жүйесін қайта форматтау белсенді жүргізілуде – Тоқаев

Сурет: Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Петербург халықаралық экономикалық форумында сөйлеген сөзінде экономикалық өсімнің сенімді көзі – сапалы адами капитал әрі сындарлы мәдениетаралық диалог екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
БҰҰ жариялаған Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығы шеңберінде біз еліміздің мәдени сан алуандығын сақтау және өркениетаралық диалогты халықаралық деңгейде ілгерілету жөніндегі саясатты жалғастырамыз. Осы жылдың қыркүйек айында елордамызда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті съезі өтеді. Біз аталған форумға Ресейдің діни қайраткерлерінің қатысуын қолдаймыз. Қасым-Жомарт Тоқаев

Оның айтуынша, Қазақстанда жетекші шетелдік университеттердің қатысуымен жоғары білім беру жүйесін қайта форматтау белсенді түрде жүзеге асырылуда.

Қазақстан басшысы халықаралық академиялық байланыстарды тереңдету Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы дәстүрін нығайту тұрғысынан ерекше мәнге ие екенін атап өтті.

Бірқатар бірлескен білім беру және мәдени бастамаларды сәтті іске асыру екі елдің қарқынды экономикалық дамуына елеулі үлес қосуға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Қазақстан Президенті
Ресей
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті