Қазақстан ЛХР-ды да ДХР-ды да мойындамайды – Тоқаев

Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзін-өзі тәуелсіз деп жариялаған ЛХР мен ДХР-ға қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы әртүрлі пікірлер бар, мен туарасын айтайын. Біздің қоғамымыз ашық, азаматтық қоғамның пісіп-жетілгені айқын. Қазіргі халықаралық құқық – БҰҰ Жарғысы екенін атап өткім келеді. Бірақ жарғыға енгізілген екі негізгі қағида қазіргі уақытта бір-біріне қайшы келеді. Бұл мемлекеттің территориялық тұтастығы және өзін-өзі анықтау құқығы. Қазақстан Президенті

Тоқаевтың айтуынша, егер ұлттың өзін-өзі анықтау құқығы шын мәнінде жүзеге асырылатын болса, онда БҰҰ құрамына кіретін 193 мемлекеттің орнына Жер бетінде 500-ден астам немесе 600 мемлекет пайда болар еді, бұл өз кезегінде үлкен аласапыранға әкеліп соғуы мүмкін.

Осы себепті біз Тайваньды да, Косовоны да, Оңтүстік Осетияны да, Абхазияны да мойындамаймыз әрі бұл принцип, біздің ойымызша, квазимемлекеттік территорияларға да қатысты қолданылады, ал Луганск пен Донецк сол секілді болып табылады. Міне, бұл сіздің сұрағыңызға ашық жауап, – деді Тоқаев.
Ресей
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін