АҚШ-та екі ұшақ соқтығысып, жолаушыларға медициналық көмек қажет болды
Фото: Zakon.kz/Ксения Калашникова
Sky News басылымының АҚШ Федералдық азаматтық авиация басқармасына (FAA) сілтеме жасап жазуынша, жолаушылар ұшағы терминалға бет алған, ал жүк ұшағы Колумбияның Богота қаласына ұшуға дайындалып жатқан. Диспетчерлер бұған дейін UPS ұшағының экипажына екінші әуе кемесіне жол беруді тапсырған.
Copa Airlines ұшағының бортында 166 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болған. Екі жолаушы әуежай қызметкерлеріне медициналық көмек сұрап жүгінген. Алдын ала мәлімет бойынша, олар жеңіл жарақат алған. Жүк ұшағының экипажы зардап шеккен жоқ.
Екі әуе компаниясы да оқиғаны тергеу барысында билік өкілдерімен ынтымақтасуға дайын екенін мәлімдеді. FAA да соқтығыстың мән-жайын тексеруге кірісті.
Бұған дейін АҚШ-та әуе қозғалысын басқару жүйелерінде ауқымды ақау болған еді. Соның салдарынан жұма күні ел бойынша ұшақтардың ұшып шығуы бірнеше сағатқа тоқтатылған.