Тоқаев Каспий маңында азық-түлік хабын құруды ұсынды

Сурет: wikimedia
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадта өтіп жатқан Алтыншы Каспий саммитінде сөз сөйлеп, Каспий маңында азық-түлік хабын құруды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы «Қазақстанның ет пен сүт өнімдерінің экспортын арттыруға мүмкіндігі бар» екенін тілге тиек етті.

Біздің мемлекеттер арасындағы сауда-саттықты нығайту үшін заманауи логистикалық инфрақұрылымды дамыту қажет. Сондықтан аз шығынмен өзара сауданы ұлғайтуға мүмкіндік беретін Каспий азық-түлік хабын құруды ұсынып отырмыз. Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президентінің шақыруымен Каспий маңы мемлекеттері басшыларының Алтыншы саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Ашхабадқа келді.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі