ЕО Қазақстанмен көлік-логистикалық байланысты нығайтуға қызығушылық танытты

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа одағының Орталық Азия жөніндегі арнаулы өкілі Тери Хакаламен бейнеконференция режімінде кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы серіктестіктің өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның маңызды серіктестерінің бірі Еуропа одағымен көпжақты ықпалдастықты дамытуға мүдделі екенін нақтылап, екіжақты стратегиялық ынтымақтастыққа тың серпін беруге дайын екенін жеткізді, – делінген Ақорданың ресми сайты таратқан ақапартта.

Қазақстан президенті жуырда өткен конституциялық референдум мен Жаңа, Әділетті Қазақстанды құруға қатысты реформалар туралы айтты

Өз кезегінде Тери Хакала президентті референдумның сәтті өтуімен құттықтап, Брюссельдің Орталық Азия аймағындағы жетекші серіктесі Қазақстанмен ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен ықпалдастықты жалғастыруға Еуропа одағының бейілді екенін нақтылады.

Сонымен қатар ол Еуропа одағы мемлекет басшысының реформалар жүргізу бағдарламасына жан-жақты қолдау көрсететінін, Қазақстанның көпвекторлы және теңгерімді сыртқы саясатын жоғары бағалайтынын мәлімдеді.

Еуропа одағы Қазақстанмен көлік-логистикалық байланыстарды нығайтуға зор қызығушылық танытты. Бұдан бөлек олар өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде жан-жақты пікір алмасты.

Қазақстан
Еуроодақ
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды