Тоқаевты «Ыстықкөл» әуежайынан шығарып салу сәтінің видеосы жарияланды

Сурет: ҚР СІМ
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты «Ыстықкөл» әуежайынан шығарып салу сәтінің видеосы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

20 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев 21 шілдеге белгіленген Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Атаға барды.

Кездесуге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.

Мемлекеттер басшылары өңірлік қауіпсіздіктің сын-қатерлеріне бірлесіп ден қою бойынша Орталық Азия елдерінің өзара іс-қимылын нығайту туралы пікір алмасты, өңір мемлекеттерінің орнықты экономикалық өсуін қамтамасыз ету мақсатындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттерінің мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылын одан әрі нығайту жайын талқылады.

Сондай-ақ, кездесу қорытындысы бойынша ОА елдерінің басшылары бірқатар құжаттарға қол қойды.

Қазақстан
Қырғызстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді