Тоқаев Қырғызстан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасы азаматтарының жол апатынан қаза табуына байланысты ел президенті мен халқына көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақордада жарияланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясының Ульянов облысында жол апатынан қаза табуына байланысты Президент Садыр Жапаровқа және барша қырғыз халқына көңіл айтты.

Сонымен қатар мемлекет басшысы жеделхатта қайтыс болған азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Айта кетейік, бір күн бұрын Ресейдің Ульяновск облысында оқыс оқиға орын алып, 16 адам қаза тапты, оның 14-і Қырғызстан азаматтары. Бұқаралық ақпарат құралдары бес әйел (31, 27, 46, 24, 42 жаста), тоғыз ер адам (36, 32, 46, 22, 23, 25, 23, 44, 26 жаста) қайтыс болғанын жазып жатыр. Үш қырғызстандық (41 жастағы әйел, 21 және 29 жастағы ер адамдар) аман қалды. Олардың жағдайы ауыр деп бағаланды.

Қырғызстанда қаралы күн жарияланды.

Қырғызстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз