Тоқаев Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады

Сурет: akorda.kz
Дархан Қыдырәлі Қасым-Жомарт Тоқаевқа Монғолияның Арханғай аймағы, Номғон жазығындағы ғылыми археологиялық экспедиция жұмыстарының нәтижесінде табылған Құтлық Елтеріс қағанға арналған кешен мен жазулар туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дархан Қыдырәлінің айтуынша, бұл жазу тарихымызды, адамзат өркениетіне қосқан үлесімізді 50 жылға ілгерілетеді. Сонымен қатар Құтлық қағанның тұсында салынған салтанатты кешеннен таңбалар, түрлі артефактілер де табылған.

Кездесуде Түркі академиясының атқарып жатқан өзге жұмыстарымен қатар шығарған оқулықтары туралы да айтылды. Дархан Қыдырәлі мемлекет басшысына халықаралық академиядағы жұмысының аяқталып жатқанын жеткізді.

Қазақстан президенті Моңғолияда жүргізген ғылыми археологиялық экспедицияның нәтижелеріне және Түркі академиясының жалпы жұмысына жоғары баға берді.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты