Тоқаев волонтерларға алғыс айтып, оларды мақтан тұтатынын жеткізді

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына ұшып келгеннен кейін волонтерларға қиын-қыстау кезеңде көрсеткен көмектері үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Волонтерларға үлкен алғыс! Сіздер нағыз азаматсыздар. Отанымыздың нағыз патриотысыздар. Сіздерді мақтан тұтамын!, - деді Президент.

Президент мәселені шешу үшін "шамамен 2,5 ай қажет" екенін айтты.

Баспанасыз қалған әрбір адам ауданы 100 шаршы метр болатын жаңа үй алады деп мен уәде бердім. Одан кейін үйдің ішінде қалып кеткен жиһаз, ыдыс-аяқ, теледидар және тағы басқасын мемлекет және материалдық көмек беруге әзір адамдар өтеп береді. Қасым-Жомарт Тоқаев

Айта кетсек, 2 қыркүйекте Қостанай облысының екі орман шаруашылығы территориясынан өрт шықты. 4 қыркүйекте өрт шарпыған аумақ көлемі 43 мың гектардан асты.

5 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды.

Қостанай
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев