Президент Ұлыбритания елшілігінде көңіл айту кітабына жазба қалдырды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігіне барды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігіне барып, II Елизавета Патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, - делінген хабарламада.

Президент көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Бұған дейін президент ІІ Елизавета Патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдағаны хабарланған еді.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Король ІІІ Карлдың, корольдік отбасы мен барлық британдықтардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Санжар Ерұланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында топ жарды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

ШҚО-да дронның көмегімен жоғалған 30 жылқы табылды

Дзюдошы Асқар Біржанов жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

"Реал" Ла Лига аясында қатарынан тоғыз матчта жеңіске жетті