Тоқаев Ресей және Татарстан мұсылмандары діни басқармасының төрағаларымен кездесті

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Съездің биік мақсаттары мен міндеттерін ілгерілетуге белсене атсалысқаны үшін оларға ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Гайнутдинмен және Татарстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Камиль Самигуллинмен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы биыл ақпан айында өзінің Татарстанға сапарын еске алды және оларды Еділ Бұлғариясының исламды қабылдағанына 1100 жыл толуымен құттықтады. Оның айтуынша, бұл тарихи оқиғаның Татарстан мұсылмандары жамағаты мен Ресейдің барша көпконфессиялы халқы үшін маңызы зор.

Президент VII съездің күрделі кезеңде өтіп жатқанын атап өтіп, халықаралық қоғамдастықты біріктіру үшін конфессияаралық диалогты нығайту маңызды екенін айтты.

Равиль Гайнутдинов пен Камиль Самигуллин кездесу өткізгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, VII съездің ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалады.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды