Президент православие шіркеуінің өкілдерімен кездесті

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу Патриархатының Сыртқы шіркеулік байланыстар департаментінің төрағасы, Волоколамск митрополиті Антонийді, Қазан және Татарстан митрополиті Кириллді, Астана және Қазақстан митрополиті Александрды қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы кездесу барысында митрополит Антонийді жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтады. Ол православие діні Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағын нығайтуда маңызды роль атқаратынын атап өтті.

Президенттің айтуынша, православие шіркеуі қоғамда жалпы адамзаттық рухани-адамгершілік құндылықтарды өсіруге және насихаттауға зор үлес қосып келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда дәстүрлі діндердің, соның ішінде православиенің дамуына барлық жағдай жасалып жатқанын айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллге съездің негізгі мақсатын ілгерілетуге жасаған көмегі үшін ерекше алғысын жолдап, оған зор денсаулық пен рухани күш-қуат тіледі.

Өз кезегінде православие шіркеуінің өкілдері Патриарх Кирилдің мемлекет басшысына ізгі тілегін жеткізді және ол Қазақстан бастамаларын қолдайтынын мәлімдеді.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме