Рим Папасын елорда әуежайынан президенттің өзі шығарып салды

Сурет: akorda.kz
Елорда әуежайында Рим Папасы Францискті Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзі шығарып салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фотолар Ақорданың Telegram-дағы каналында жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискке қонақжай қазақ жерінен естелікке домбыра сыйлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискті елордамыздың әуежайынан зор құрметпен шығарып салды.

Рим Папасы Франциск 13 қыркүйекте Нұр-Сұлтанға келді. Оны елорда әуежайынан Қасым-Жомарт Тоқаев жеке өзі қарсы алды.

14 қыркүйекте Рим Папасы Франциск Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысты, сонымен қатар ЭКСПО халықаралық көрме орталығының аумағында месса өткізді.

15 қыркүйекте Рим Папасы съездің жабылуына қатысты, онда олар қорытынды декларация қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін