Тоқаев Самарқандтағы "Мәңгілік қала" кешеніне барды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандтағы "Мәңгілік қала" кешенінде болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы мұнда көрмелер мен шығыс базарын тамашалады.

Сурет: akorda.kz

Алдында Қасым-Жомарт Тоқаевты "Silk road" туристік орталығында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алып, ол арада Қазақстан Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекет басшыларымен бірге ағаш отырғызды, деп хабарлады Ақорда.

Сурет: akorda.kz

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Самарқанд қаласына келіп жетті.

15 қыркүйекте Самарқандта Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының саммиті басталады, оған ұйымға мүше мемлекеттердің, бақылаушы елдердің басшылары мен арнайы шақырылған президенттер қатысады.

Өзбекстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі