Тоқаевтың Өзбекстанға жасаған жұмыс сапарының қорытынды видеосы жарияланды

Сурет: akorda.kz
Желіде Қасым-Жомарт Тоқаевтың ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына жасаған жұмыс сапары туралы қорытынды видео жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Роликті жұмада, 16 қыркүйекте Ақорда жариялады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Самарқандқа жұмыс сапары аяқталды.

Мемлекет басшысын әуежайдан Өзбекстанның Премьер-министрі Абдолла Арипов шығарып салды.

Бұған дейін хабарланғандай, Самарқандта Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен
және Иран президенті Ибрахим Раисимен кездесулер өткізген болатын.

15 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Самарқанд қаласына барды. Осы күні Қасым-Жомарт Тоқаевты "Silk road" туристік орталығында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алып, ол арада Қазақстан Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекет басшыларымен бірге ағаш отырғызды, Самарқандтағы "Мәңгілік қала" кешенінде болды, бейресми әңгіме жүргізді.

16 қыркүйекте Қазақстан Президенті шағын құрамдағы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Отырыс қорытындысы бойынша Самарқанд декларациясы қабылданды.

Өзбекстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған