Тоқаев Головкинге қоңырау шалды: Біз сені мақтан тұтамыз!

Сурет: Тұрар Қазанғапов
Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой бокстан екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы шаршы алаңға шыққан Геннадий Головкинге қоңырау шалып, оған қолдау көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Геннадий Қазақстанды әлемдік аренада танымал ету үшін зор үлес қосқанын атап өтті, делінген Ақорда хабарламасында.

Сен жанкүйерлер үшін әлемдегі және еліміздегі ең үздік ұлттық чемпион болдың және чемпион болып қала бересің. Біз сені мақтан тұтамыз! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

Айта кетсек, бүгін таңертең Лас-Вегаста көптен күткен GGG мен Canelo айқасы өтті. Жекпе-жек 12 раундқа созылды. Қазылар алқасының шешімімен жеңіс Сауль Альвареске бұйырды.

Головкин Геннадий
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды