Қасым-Жомарт Тоқаев Урсула фон дер Ляйенді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-ші сессиясының аясында Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен екіжақты келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық әріптестікті дамыту перспективаларын талқылады, делінген Ақорда хабарламасында.

Қазақстан Президентінің 2021 жылғы қараша айында Брюссельге ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, энергетика және көлік-логистика салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері қозғалды.

Мемлекет басшысы Урсула фон дер Ляйенді Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған елімізде жүзеге асып жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалар туралы хабардар етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Урсула фон дер Ляйен стратегиялық серіктестікті одан әрі жан-жақты нығайтуға деген өзара қарым-қатынасты растады.

Еуропалық комиссияның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елімізде іске асырылып жатқан ауқымды реформаларды жоғары бағалады.

Кездесу соңында Президент Урсула фон дер Ляйенді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

АҚШ
БҰҰ
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі