Президент астық өндіруден әлемде жетінші орында тұрған Қазақстан – Орталық Азиядағы астық қоры ең мол мемлекет екенін баршаның есіне салды.
Қазақстан алдағы уақытта да астық пен басқа да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің сенімді жеткізушісі болып қала береді. Сондай-ақ біз Қазақстанда орналасқан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымымен, сондай-ақ БҰҰ агенттіктерімен ынтымақтастықты нығайтуға ниеттіміз. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Тоқаевтың айтуынша, бұл тұрғыда азық-түлік пен тыңайтқыштарды барлық санкциялар мен шектеулерден босату аса маңызды. Қазіргі экономикалық және әлеуметтік қиыншылықтар ұжымдық күш-жігердің жұмылуын қажет ететінін қайталап айтқым келеді.
2030 жылғы дейінгі күн тәртібіне қатысты ұстанымымыз біздің ұлттық және жаһандық мәселеміздің ажырамас бөлігі болып қала береді.
Оның үстіне жаһандық экономиканы қалпына келтіру үшін әділ сауда режимдері аса маңызды.
Осы ретте Қазақстанның төрағалығымен өткен Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше мемлекеттер министрлерінің 12-конференциясында қабылданған сындарлы шешімдерді ерекше атап өткім келеді. Сонымен қатар қазіргі геосаяси жағдай сенімді әрі әртараптандырылған жаһандық транзиттік және көлік инфрақұрылымының маңызды екенін көрсетеді. Бұл жағдай біздің өңірімізде де байқалады. Қазақстан – теңізге шығатын жолы жоқ ең ірі мемлекет және Азия мен Еуропа арасындағы маңызды құрлық дәлізіне ие. Қасым-Жомарт Тоқаев
Транскаспий халықаралық көлік бағытына немесе «Орта дәлізге» тың серпін берілді. Алдағы жылдары біз Қазақстан арқылы жүк тасымалының айтарлықтай арта түсетініне сенімдіміз.
Каспий теңізінің бейбітшілік пен жаңа мүмкіндіктер теңізі ретіндегі позициясын қамтамасыз етуіміз керек.
Алдағы айларда Қазақстан сауда және жеткізу тізбегінің істен шығуы салдарынан туындайтын энергияға және маңызды шикізатқа қолжетімділіктің шектелуін азайтуға көмектеседі.
Ұзақ мерзімді перспективада біз жасыл сутегі мен жаңартылатын энергия көздеріне ерекше назар аудара отырып, энергия көздерін әртараптандыруға ұмтыламыз. Орталық Азия туралы айтар болсақ, біз оның қазірдің өзінде халықаралық ынтымақтастық үшін мол мүмкіндіктері бар аймақ екенін есте ұстауымыз керек. Орталық Азиядағы әріптестерімізбен бірге аймақты одан әрі дамыту мақсатында өзара саяси іс-әрекетті нығайтуға және экономикалық байланыстарды тереңдетуге ниеттіміз. Біз тату көршілік қарым-қатынастарды сақтауға және ынтымақтастықты әртараптандыруға бейілдіміз. Мемлекет басшысы
Бұл сенім біздің маңызды табиғи және ауыл шаруашылығы ресурстарымызға, адами капиталға және транзиттік әлеуетімізге негізделген. Біз – Шығыс пен Батыстың, Оңтүстік пен Солтүстіктің арасындағы аралық нарықпыз.
Біз климаттың өзгеруі, Арал теңізі, су ресурстарын ұтымды пайдалану, шекараны делимитациялау, экстремизмге қарсы күрес және аймақішілік сауданы кеңейту мәселелерін қамтитын өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді шешу үшін барлық мүдделі тараптармен бірлескен жұмыстарды жалғастыруға ниеттіміз. Сондықтан Алматы қаласында БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаты жөніндегі аймақтық орталығын ашу маңызды деп есептейміз. Қасым-Жомарт Тоқаев
Президенттің айтуынша, Қазақстан Ауғанстанның болашағын көрші елдермен бейбіт қарым-қатынаста болатын шынайы тәуелсіз, бейтарап, біртұтас, дамыған мемлекет ретінде көргісі келеді.
Сондықтан аса маңызды гуманитарлық көмек көрсете отырып, осы елде мемлекеттілік қалыптасуының күрделі процесін қолдаймыз.