ҚР президенті: Сырттан келген адамдарға көмек көрсетіледі

Сурет: akorda.kz
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейден келіп жатқан азаматтарға көмек көрсетілетінін, бірақ ешқандай жеңілдік берілмейтінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы үкіметке Ресейден келіп жатқандарға көмектесуді тапсырды.

Қазақта «Көршімен татудың көңілі тоқ» деген сөз бар. Ең бастысы, іргелес елдермен тату болуымыз керек. Бұдан еш ұтылмаймыз. Соңғы күндері көрші елден, яғни Ресейден көптеген адам келе бастады. Көпшілігі қазіргі ахуалға байланысты амалдың жоқтығынан келіп жатыр. Оларға қамқорлық көрсетіп, қауіпсіздігіне мән беруіміз қажет. Бұл – саяси және гуманитарлық мәселе. Осы мәселені мен үкіметке тапсырдым.ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент мұндай күрделі жағдайда ең алдымен адамгершілік, сабырлық, ұйымшылдық таныту керек екенін тілге тиек ете келе, сырттан келгендерге көмек көрсетілетінін, бірақ ешқандай жеңілдік жасалмайтынын баса айтты.

Бізде ешқандай дағдарыс жоқ, дүрбелең де жоқ. Үкімет өз жұмысын атқаруы керек. Сырттан келген адамдарға көмек көрсетіледі, бірақ жеңілдіктер берілмейді. Жұмыстың бәрі заң бойынша, келісімдер бойынша жүргізіледі.Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Ресей тарапымен келіссөздер жүргізіп, бұл түйткілді еліміздің мүддесіне сай шешілетінін тап өтті.

Тағы да қайталап айтамын, осындай алмағайып кезеңде бізге, ең алдымен, береке-бірлік қажет. Елдің тыныштығын сақтай білсек, тұрақты дами аламыз. Барлық мәселені байыппен талқылап, ақылмен шешуіміз керек.Қасым-Жомарт Тоқаев
Түркістан
Қазақстан
Ресей
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты