Тоқаев қазіргі халықаралық жағдайдағы Қазақстанның ұстанымы туралы айтты

Сурет: akorda.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 27 қыркүйекте жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді. Мемлекет басшысы облыс жұртшылығымен кездесуінде халықаралық аренадағы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тоқаев әлемдегі жағдай әбден шиеленісіп кеткенін тілге тиек ете келе, осындай жағдайдағы Қазақстанның ұстанымына тоқталды.

Осындай күрделі жағдайда Қазақстан халықаралық ұйымдарда, ең алдымен, Біріккен Ұлттар Ұйымында дауыс беру кезінде бейтарап ұстанымын сақтап отыр. Бұл біздің ұлттық мүддемізге сай келеді. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы халқымыздың ең басты күші – бірлік, парасаттылық және төзімділік екенін айтты.

Жеріміздің бүтіндігі және еліміздің амандығы – біз үшін бәрінен маңызды. Сондықтан, парасаттылық пен сабырлылық танытып, арандатушылардың жетегінде кетпеуіміз керек. Осы құндылықтардан айырылып қалсақ, елімізге үлкен қауіп төнеді.Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ президент мемлекеттердің территориялық тұтастығы міндетті түрде сақталуы керек екенін атап өтті.

Бұл – негізгі қағидат. Мен мұны халықаралық аренада үнемі ашық және анық айтып жүрмін. Жақында Біріккен Ұлттар Ұйымына барып, ең биік мінберден бұл туралы тағы да мәлімдедім. Бұның бәрі бекер емес. Айналамызда ауқымды соғыс болып жатыр. Біз осыны ескере отырып, ең алдымен, еліміздің қауіпсіздігін ойлауымыз керек.Қасым-Жомарт Тоқаев

Осы кездесуде президент Ресейден келіп жатқандарға Қазақстан тарапы көмектесетінін де атап өтті.

Түркістан
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты