Шымкентте тағы бір Оқушылар сарайы мен жаңа перзентхана салынады

Сурет: akorda.kz
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент жұртшылығы алдында сөйлеген сөзінде 2022 жыл "Балалар жылы" болып жарияланғанын еске сала келе, Шымкентте жаңа Оқушылар сарайын салуды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселесіне тоқталған Мемлекет басшысы биыл Шымкентте Оқушылар сарайы мен Балалар шығармашылық орталығы салынып жатқанын атап өтті.

Демографиялық өсімді ескере отырып, әкімдікке 2025 жылға дейін тағы бір Оқушылар сарайын салуды тапсырамын. Бес жыл ішінде Шымкентте 101 мектеп салынады деп жоспарлануда. Бұл маңызды іске бизнес өкілдері белсенді атсалысып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев

Президенттің айтуынша, соңғы екі жылда қалада 50 жекеменшік мектеп ашылған.

Облыс кәсіпкерлері білім беру жүйесін дамытуға үлкен үлес қосуда. Алдағы жылы әкімдік үш ауысымды мектептер мәселесін толық шешуі керек. Қасым-Жомарт Тоқаев

Денсаулық сақтау саласының ахуалына тоқталған мемлекет басшысы Шымкентке заманауи талаптарға сай перзентхана қажет екеніне тоқталды.

Осыған байланысты үкімет пен әкімдікке перзентхана құрылысын жеделдету тапсырылды. Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі
Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады