Мемлекет басшысы Семейде заманауи жылу электр орталығын салуды тапсырды

Сурет: Zakon.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Абай өңірінің жұртшылығымен кездесуде Семей қаласының инфрақұрылымы әбден тозғанын, салдарынан жазда ыстық су болмайтынын, ал қыста үйлерге жылу берілмейтінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы қаладағы жылу электр орталығынан шығатын зиян қалдықтар ауаны шектен тыс ластап жатқанын да атап өтті.

Семей қаласының инфрақұрылымы әбден тозған. Жазда ыстық су жоқ, ал қыста үйлер жылынбайды. Қаладағы жылу электр орталығынан шығатын зиян қалдықтар ауаны шектен тыс ластап жатыр. Бұл мәселелерді түпкілікті шешетін уақыт жетті, - деді президент.

Осы мәселені қозғай келе, мемлекет басшысы үкіметке тапсырма берді.

Сондықтан үкіметке әкімдікпен бірлесіп, Семейде заманауи жылу электр орталығын салу және инфрақұрылымды жаңарту мәселесін қарастыруды тапсырамын. Жоба халықтың тұрмыс сапасына, сондай-ақ өңір экологиясына оң ықпалын тигізетіні анық.Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді