Тоқаев Семейдегі Невзоровтар атындағы бейнелеу өнері музейін аралады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапары аясында Семей қаласындағы Невзоровтар атындағы бейнелеу өнері музейін аралап көрді, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Невзоровтар музейі – Қазақстандағы көркемсурет құндылықтарын жинақтаған ірі мәдени нысандардың бірі. Музейде түрлі бағыттағы 5 мыңнан астам экспонат бар.

Атап айтсақ, Қазақстан бейнелеу өнері, XVIII ғасыр аяғы және XX ғасыр басындағы орыс өнері, XVI ғасыр аяғы және XX ғасыр басындағы Батыс Еуропа кескіндемесі мен графикасы, XX ғасырдағы Ресей, Орталық Азия, Грузия, Армения, Беларусь өнері.

Президентке музейдің тарихы таныстырылды.

Невзоровтар отбасы атындағы музей 1985 жылы тарихи-өлкетану музейінің ғылыми-көркем бөлімі болып құрылған. Музей мәртебесі 1988 жылы берілді.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді