Ауған соғысының ардагерлері президент сайлауына Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
5 қазанда Ұлттық академиялық кітапханада "Qazaqstan Ardagerleri" Ауғанстандағы соғыс және басқа да жергілікті соғыстар ардагерлері қауымдастығы Басқармасының отырысы өтті.

Қауымдастық кеңесінің мүшелері Қазақстан президенттігіне Қауымдастықтан кандидат ұсыну мәселесін талқылады.

Мемлекет басшысы ардагерлерді, түрлі әлеуметтік топ өкілін үнемі қолдап келеді. Біз, ардагерлер, соғыстың не екенін білеміз, бейбітшіліктің қадірін білеміз. Тұрақтылық – кез келген мемлекет дамуының басты кепілі, сондықтан біз Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттік сайлауға кандидат ретінде ұсыну туралы шешім қабылдадық.Қауымдастық жетекшісі Бақытбек Смағұл

Күн тәртібіндегі мәселені қарап, Ауғанстандағы және басқа да жергілікті соғыстар ардагерлерінің "Qazaqstan Ardagerleri" ұйымдары қауымдастығы ҚР президенті лауазымына Жомарт Тоқаевты кандидат етіп ұсыну туралы қаулы бірауыздан қабылданды.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек