Тоқаев: Ортақ кандидат ретінде президент сайлауына түсу – мен үшін зор мәртебе

Сурет: akorda.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оның кандидатурасын қолдаған халықтық коалиция форумында сөз сөйледі. Ол қазақстандықтардың жаңа саяси дәуірге аяқ басқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтетінін еске салды.

Біз жаңа саяси дәуірге қадам бастық. 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Бұл – болашақ даму бағдарымызды айқындайтын аса маңызды науқан. Түрлі қоғамдық ұйымдары маған өздерінің атынан сайлауға түсу туралы ұсыныс білдірді.Қасым-Жомарт Тоқаев

Сонымен қатар президент мемлекет басшысының ешбір партияға басымдық бермей, саяси бейтарап болуы керек екенін нақтылады.

Мен бұған дейін мемлекет басшысы ешбір партияға басымдық бермей, саяси тұрғыдан бейтарап болу қажет екенін айттым. Осы ұстанымым өзгермейді. Баршаңыз ұсынған ортақ кандидат ретінде президент сайлауына түсу – мен үшін зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік.Президент

Оның айтуынша, коалицияға жетекші саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар кіруі өте маңызды. Сонымен президент коалиция барлық әлеуметтік топты қамтиды деп түйіндеді.

Маған сенім артқандарыңыз үшін баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Коалицияда басты саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың болуы өте маңызды. Себебі онда барлық әлеуметтік топ қамтылған.Мемлекет басшысы

Бұған дейін Халықтық коалиция форумында президенттікке кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынылған еді.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды