Ақордадағы келіссөздер қорытындысы бойынша 14 құжатқа қол қойылды

15 қазанда Ақордада шағын құрамдағы кездесуден кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов келіссөзді ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келіссөздер қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:

1. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Түрікменстан Президенті Сердар Бердымухамедовтың Бірлескен мәлімдемесі;

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметінің арасындағы 2022 - 2024 жылдарға арналған ынтымақтастық жөніндегі кешенді бағдарламасы;

3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Түрікменстанның Қаржы және экономика министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

4. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі және Түрікменстанның Энергетика министрлігі арасындағы түсіністік туралы меморандум;

5. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Түрікменстанның Мәдениет министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Түркіменстанның Ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау министрлігі арасындағы өсімдіктер карантині саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

7. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Түрікменстанның Министрлер Кабинеті жанындағы Көлік коммуникациялар агенттігі арасындағы көліктік-транзиттік ынтымақтастықты дамыту туралы меморандум;

8. Қазақтан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Түрікменстанның Министрлер Кабинеті жанындағы Көлік коммуникациялар агенттігі арасындағы ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

9. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және "Түрікменхимия" мемлекеттік концерні арасындағы химия өнеркәсібі саласында бірлескен ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум;

10. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты мен Түрікменстанның Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық қатынастар институтының Стратегиялық зерттеулер ғылыми орталығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

11. Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы және Түрікменстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

12. "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Түрікменстанның өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

13. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Түрікменстанның Ішкі істер министрлігі арасындағы Қылмыстықпен күрес саласындағы ниеттері туралы меморандум;

14. Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті мен Довлетмаммет Азади атындағы Әлемдік тілдер түрікмен ұлттық институты арасындағы ынтымақтастық туралы шарт.

Қазақстан Түрікменстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: