Жетісу өңірінде пайдаланылмай жатқан 100 мың гектар жер анықталды

Сурет: akorda.kz
Жетісу облысында 100 мың гектар пайдаланылмай жатқан жер анықталды. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу жұртымен кездесуде айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент облыс жұрты алдында сөйлеген сөзінде Жетісудың суы мол, топырағы құнарлы жомарт жері диқандар үшін нағыз сый екенін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, осының барлығын дұрыс пайдалану ғана қажет.

Менің тапсырмам бойынша биыл үкімет пайдаланылмай жатқан 5 миллион гектарға жуық жерді мемлекет меншігіне қайтарды. Бұл жұмыс ауыл маңындағы жайылым тапшылығы мәселесін шешеді. Қайтарылған жердің шаруалар арасында әділ бөлінуі өте маңызды.Қасым-Жомарт Тоқаев

Президенттің сөзінше, мұндай шара әділетті қоғам құру жолындағы маңызды қадам болады.

Бүгінде облыста пайдаланылмай жатқан 100 мың гектар жер анықталып, оның тең жартысы мемлекет меншігіне қайтарылды. Жер – халықтың байлығы мен мұрасы. Бұл мәселені әкімдер жеке бақылауында ұстауы керек.Қасым-Жомарт Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев 20 қазанда Жетісу өңіріне жұмыс сапарымен келді.

Талдықорған
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады