Президент: Нұрсұлтан Назарбаевтың егемендікке жетуімізге қосқан үлесі жөнінде айтуымыз керек

Сурет: akorda.kz
Республика күні қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам қайраткерлерін, бизнес, білім саласы өкілдерін мемлекеттік наградамен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсім өтіп жатыр.

Мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімде мемлекет басшысы азат елге айналуымыз бүкіл халқымыздың ортақ еңбегінің жемісі деп атады.

Ұлы Абай айтқандай, «ақырын жүріп, анық баса» отырып, ешқандай дүрбелеңсіз тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ең бастысы – біз бабалар аңсаған азат елге айналдық. Әлем мойындаған, құрмет тұтқан мемлекет атандық. Мұның барлығы – бүкіл халқымыздың ортақ еңбегінің жемісі. Республика күнінің басты құндылығы – осында.Қасым-Жомарт Тоқаев

Сонымен қатар ол тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің егемендікке жетуіне қосқан елеулі үлесі туралы ұмытпауымыз керек екенін айтты.

Біз әділеттілік туралы айтсақ, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің егемендікке жетуіне қосқан елеулі үлесі жөнінде айтуымыз керек. Түптеп келгенде, тәуелсіздікке қалай қол жеткізіп, баянды ете алғанымыз маңызды. Өкінішке қарай, бұл күн елімізде біраз жыл өз деңгейінде атап өтілген жоқ. Бірақ тарихи әділдік орнады.Президент
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Назарбаев Нұрсұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды