Президент туды өрттен алып шыққан Мұхамед Қансейітті жастарға үлгі етті

Сурет: Zakon.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінде жиынға туды өрттен алып шыққан түркістандық Мұхамед Қансейітті арнайы шақырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан тұрғыны Мұхамед Қансейіт Халықты жұмыспен қамту орталығында болған өрт кезінде мемлекеттік ту жанып кетпеуі үшін шатырға шыққан. Осылайша туды өрттен алып қалған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхамед Қансейіттің бұл ісін көпке үлгі ретінде көрсетті.

Бүгінгі салтанатты жиынға түркістандық Мұхамед Қансейітті арнайы шақырдым. Ол қауіп-қатерге қарамастан, Туымызды және Елтаңбамызды өрттен алып шықты. Осындай азаматтардың арқасында біздің мемлекеттілігіміздің тұғыры нығая түседі. Біз оларды жастарға үлгі-өнеге етуіміз керек. Отаншылдық ұрандаған сөзден емес, нақты істен көрінеді, - деді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар мемлекет басшысы кейбір елдердің тұрғындары өз рәміздерін ерекше қадірлеп, барлық жерде асқақтатып жүретінін қоса кетті. Оған қоса жақында Amanat партиясының "Жастар рухы" қанатының бастамасымен "Менің елім – менің туым" атты акциясы басталғанын еске салды.

Мұның бәрі – елдік рух пен ұлттық ұстанымды ұрпақтың санасына сіңіруге арналған маңызды жобалар. Біз жастарды отаншылдыққа баулитын осындай ұтымды әдіс-тәсілдерді іздеуіміз керек. Елімізде мұндай мысалдар көп. Бұл саладағы ең озық тәжірибені халық арасында кеңінен дәріптеуіміз керек, - деді президент.
Түркістан
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды