Тоқаев қауіпті жағдайда ерлігімен ерекше көзге түскен екі азаматты марапаттады

Сурет: видеодан алынды
Мемлекет басшысы ерекше ерлік танытып, жалпақ жұртқа танылып үлгерген екі азаматты марапаттады. Оның бірі 8-қабатта балконның жақтауына ілініп, құлайын деп тұрған үш жасар қызды құтқарса, тағы бірі бұрынғы әйеліне пышақпен шабуылдаған еркекпен бетпе-бет келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамыр айында Астанада 37 жастағы Сәбит Шоңтақбаев кішкентай қызды өлімнен құтқарып қалды. Ол терезеге шығып, өз өмірін қатерге тігіп, құлап бара жатқан қызды қолымен ұстап қала алды.

Шоңтақбаевтың ерлігі ТЖМ мен қалалық әкімдікте атап өтілді. Сондай-ақ, жеке қайырымдылық қорының бірі құрылыс компаниясымен бірлесе отырып, оған елордадағы тұрғын үй кешенінен үш бөлмелі пәтер сыйлады.

Бүгін Сәбит Шоңтақбаевқа Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев өз қолымен "Ерлігі үшін" медалын табыстады.

Тамыз айында Алматыда 23 жастағы Райымбек Медетбек пен оқиға куәгерлерінің әрекеттерінің арқасында бұрынғы әйеліне пышақ ала жүгірген ер адамды залалсыздандыру мүмкін болды.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев оған батылдығы , ерлігі және белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс білдірді. Ол батырға алғыс хат пен құнды сыйлық берді.

Бүгін Райымбек Медетбекке де Қасым-Жомарт Тоқаев "Ерлігі үшін" медалын табыстады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған